ГККП «ЯСЛИ – САД № 16 АКИМАТА ГОРОДА КОСТАНАЯ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА ГОРОДА КОСТАНАЯ»

РУС
ҚАЗ

27-60-70

Мы находимся по адресу:
г. Костанай, Садовая, 102

7:00-19:00

Работаем с Пн по Пт
Сб и Вс - выходные

Новости

День языков

«Тіл – татулық тірегі»


Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.


     «Шаңырақ дегеніміз ол Қазақстанда тұратын халықтардың бір үйі. Егер шаңырақ бір үйіміз болып табылса, біз берекелі, тату отбасы болуға тиіспіз. Біз әр ұлтты, олардың тілдерін құрметтеуіміз қажет» деп бір ойшыл айтып кеткендей өз ана тілімізді құрметтей, бағалай отырып басқа ұлттардың да тілін сыйлай білуіміз қажет. Осыған орай, мектепалды даярлық  «Ақбота» тобында және ересек «Алмалар» тобында тілдер күніне арналған ««Тіл – татулық тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті.  Іс-шараның мақсаты: балаларды өз ана тілінде таза сөйлеуге, қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу. Балалардың үш тұғырлы тілді мегеруіне бағдар беру. Ана тілді білу арқылы балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. 
     Іс-шарада балалар қазақ және орыс тілдерінде ән айтып, ұлттық билерді нақышына келтіріп биледі. Сонымен қатар, балалар үш тілде тақпақтар айтып барлығын таң қалдырды. Қазақ, орыс, ұйғыр халықтарының  ұлттық ойындары ойнатылды.  Және де қазақ , орыс ұлттық аспаптарымен де өнерлерін көрсетіп қуантты. Балалардың көрнекті киімдері, орындаушылық шеберліктері қонақтарға жақсы көңіл күй сыйлады.