«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ № 16 БӨБЕКЖАЙ – БАҚШАСЫ» МКҚК

РУС
ҚАЗ

27-60-70

Мекен – жайымыз
Қостанай қ., Садовая к-сі, 102

7:00-19:00

Жұмыс уақыты Дүйсенбі - Жұма
Сенбі - жексенбі - демалыс күндері

Родителям

Құрметті ата-аналар!

Біз сізді біздің көңілді, тату әрі жарқын бала-бақшада көруге қуаныштымыз!

Музыкалық сабақтарда біз балалардың дағдылары мен қабілеттерін қалыптастырамыз, эмоционалды болуға, бірін бірі құрметтеуге, сахнада өнер көрсетуге және тағы басқа дағдыларға үйретеміз. 

Сондықтан біз үшін балалардың ыңғайлы киім киіп, өздерін еркін сезінегендері маңызды. Әсіресе баланың аяқ-киіміне назар аударыңыз, ең ыңғайлы аяқ-киім – бұл чешки.

Сіздерді біздің мерекелерімізде көруге әрдайым қуаныштымыз!  Біздің мерекелерімізде концерттегідей кішкентай артисттерімізді қолдау үшін ду қол шапалақтарыңызды аямаңыздар!

Өтінеміз мереке уақытында балаларды алаңдатпай өзіңізге шақырудың еш қажеті жоқ.

Егер сіз фотосурет немесе бейне түсіріп жатсаңыз, оны тек орныңыздан жасауыңызды өтінеміз.

Үлкен өтініш мерекеге емшектегі балалармен келмеуіңізді сұраймыз. Сәбилер әртүрлі себептермен жылап, біздің кішкентай артистерімізге кедергі жасаулары мүмкін.

Баланың киімін алдын-ала дайындап, оны таңертең немесе кешке тәрбиешіге беруіңізді өтінеміз.

Мерекеге кешікпеулеріңізді өтінеміз.

Мереке кезінде ұялы телефондарыңызды сөндірулеріңізді өтінеміз.

Репертуарға, өлеңдерге, әндерге, билерге қатысты барлық сұрақтарды музыкалық жетекші шешеді, өйткені мерекелік сценарийді жасайтын біз, муз. жетекшілер. Және сол сценарий бойынша тәрбиешімен бірге жұмыс жасаймыз.

Сондықтан біз балаларға деген сүйіспеншілікпен, психикасына зиян келтірмеу үшін рөлдерді, өлеңдерді, жеке нөмірлерді  олардың сахнаға шығу дайындықтарын ескере отырып таратамыз.

Егер бала ауруға байланысты немесе басқа себептермен музыка сабақтарына қатыспаса, онда мереке кезінде біз оосындай баланы көрермен ретінде және ойындардың белсенді қатысушысы ретінде қатыстырамыз.

Осыған байланысты сіздерден балаларыңызбен жұмыс істейтін мұғалімдерге сенуді сұраймыз.

Біздің сүйікті балабақшамызда әрқашан осындай мейірімді және достық атмосферасы жалғаса берсін дейміз!