«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ № 16 БӨБЕКЖАЙ – БАҚШАСЫ» МКҚК

РУС
ҚАЗ

27-60-70

Мекен – жайымыз
Қостанай қ., Садовая к-сі, 102

7:00-19:00

Жұмыс уақыты Дүйсенбі - Жұма
Сенбі - жексенбі - демалыс күндері

Родителям

Ата - аналарға арналған жадынама

Ата - аналарға арналған жадынама:
Күн аяз болғанда ата - ананың жеті қателігі.

1. Көбісі баланы жылырақ киіндіру керек деп ойлайды.
Қымтап киіндіре берген бала өкінішке орай жиі ауырады. Қозғалыс өздігінен денені қыздырады, баланы «қырық қабат» киіндіру артық  болады. Ағзада жылу алмасу бұзылады, нәтижесінде ол ысиды. Сол кезде болмашы желден салқын тиіп қалады.

2. Көпшіліктің ойы: жылыны сақтау үшін киім денеде тығыз тұру керек.
Суықтан қорғанудың ең сенімді жолы - ауа. Төмен температурадан сақтану үшін, дене айналасында кеңістік болғаны дұрыс екен. Ол үшін жылы, бірақ мүмкіндігінше кең киім болу керек. Ал аяқ киімнің ішінде бас бармақ еркін қозғалатындай болғаны жөн.

3. Көпшіліктің ойы: егер бала тоңса ол міндетті түрде айтады.
Бала терісінің астындағы майлы қабат өте аз, термореттегіш жүйесі толық қалыптаспаған. Бала әсерді тез байқамауы мүмкін. Баланы бесік - арбада немесе шанада ұзақ уақыт алып жүрмеңіз. Ол қозғалыста емес - ол аяз құшағында жатыр.

4. Көпшіліктің ойы: қыс уақытында бір сағат серуен жеткілікті.
Бұл мәселеде қатаң тәртіп жоқ. Барлығы баланың шыныққандығына және дала температурасына байланысты. Қысқы уақыттағы ауа қаупі - жоғары ылғалдылық және жел. Егер серуенге шығар алдында баланы жақсылап тамақтандырса балалар суыққа шыдамды болады - көмірсу мен майға бай тамақ ерекше жылу береді.

5. Көпшіліктің ойы: егер бала тоңып қалса, онда баланы тезірек жылыту керек.
Жылыту керек бірақ жедел түрде емес. Мысалы, егер баланың тоңып қалған саусақтарын батареяға қойса немесе ыстық судың астына тосса - қиын жағдайға тап боласыздар. Екі түрлі температураның жедел араласуынан дененің қатты тоңған жерлері ауруы мүмкін немесе одан да жаман, жүрек жұмысы нашарлауы мүмкін. Ең дұрысы, баланы жылы, құрғақ киіндіріңіз, жамылғы жабыңыз, жылы суға шомылдырыңыз.

6. Көпшіліктің ойы: салқын тиген бала серуенге шықпауы тиіс.
Егер баланың температурасы жоғары болмаса, серуенге міндетті түрде шығу керек. Науқас баланы апта бойы пәтерде ұстап отыру үлкен қателік. Мүмкін өзіңіз байқаған да боларсыз таза ауада тыныс алуы жеңілдейді, мұрын тазаланады, терең демалуы жақсарады. Егер аздап аяз болса да кедергі емес. Баланың аузымен тыныс алмауын және терлемеуін қадағалаңыз, салқын жел тиіп қалмасын, өте көп қимылдауға жол бермеңіз.

 
Ата – аналарға арналған кеңес:
Бағдаршам ағаның ақылы.
 
Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Бұл ережені балалар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
-  Ата-аналар және балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр бала көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
Ал жиек жолда қалай жүру керек?
- Жиек жолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
Жиек жолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт - бес адам қатар жүруге болмайды.