«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ № 16 БӨБЕКЖАЙ – БАҚШАСЫ» МКҚК

РУС
ҚАЗ

27-60-70

Мекен – жайымыз
Қостанай қ., Садовая к-сі, 102

7:00-19:00

Жұмыс уақыты Дүйсенбі - Жұма
Сенбі - жексенбі - демалыс күндері

Статьи

Тіл бірлік бар жерде бүр жарады

«Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды» деп дана Абай атамыз айтқандай :Тіл қай ұлтта болсада құдіретті, қастерлі ол әр адамға ана сүтімен бірге келіп қалыптасады.Тіл байлығы әр бір елдің ұлттық мақтанышы.

Әр ұлттың  тілін терең меңгеруге арналған іс-шаралар барлық жерде өтуде. Осы мерекеге байланысты қаламыздағы №16 бөбекжай бақшасында «Қазақстан достық елі» атты іс-шара өтті. Осындай іс-шараны ұйымдастырған № 16 бөбекжай балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Тулькубаева Сақыпжамал Татаевна осындай жақсы қасиеттерді бала бойына сіңіріп келеді. Мұндағы басты міндет болашақ ұрпақ бойына тілді құрметтеу,тіл арқылы білімге, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Біз балабақшадан бастап осындай игі істер жасап көрсетсек ,баланың ойында  барлық жақсы істер қалады.
Сонымен қатар әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды мұқият орындады.

Мұнда әр ұлт тірбиеленушілері болғанымен , барлық бала қазақ тіліне деген құрметін тақпақ, мақал-мәтел, ән, ұлттық ойын арқылы көрсетті.
Тіл –халық тарихы,Тіл ұлттық қазына олай болса қазынамызды қастерлейік.
 
№ 16 бөбекжай бақшасының қазақ тілінің  мұғалімі:
Андырова Жанна Ғалымжанқызы