«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ № 16 БӨБЕКЖАЙ – БАҚШАСЫ» МКҚК

РУС
ҚАЗ

27-60-70

Мекен – жайымыз
Қостанай қ., Садовая к-сі, 102

7:00-19:00

Жұмыс уақыты Дүйсенбі - Жұма
Сенбі - жексенбі - демалыс күндері

Статьи

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы

 
А.Ғ. Сальменова,
«№16 бөбекжай-бақшасы» МКҚК директоры,
С.Т. Түлкібаева,
қазақ тілі мұғалімі, Қостанай қаласы
 
Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан тіл мәселесі аса маңызды болып отыр, себебі тіл арқылы өзге ұлттардың еліміздегі орны анықталады. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тілдік ортаға байланысты, сондықтан ол ыңғайлы, бәсекеге қабілетті және барлық заманауи сұраныстарға ие болуы керек.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы жұмыс бастау керектігі туралы айтты, жақында өз Жарлығымен жаңа қазақ әліпбиін бекітті.
Латын әліпбиіне көшу тіл фонетикасы мен оның орфографиясының арасындағы сәйкестіктерді белгілеуге мүмкіндік беретін қазақ әліпбиін және орфография ережелерін реформалауға бағытталған. Латын әліпбиін енгізу мемлекеттік тілдің дамуындағы сұрақтарды шешуге әзірленген. Мемлекеттік тіл әрбір ұлт пен елдерді біріктіретін басты бағыт.

Егер тарихқа шолу жасайтын болсақ, 1929 ж-дан 1939 ж. аралығында Қазақстанда латын негізінде әліпби болған. Біз қолданып жүрген орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпби 1940 жылы енгізілген.

Жер бетінде әліпбидің бірнеше түрі бар, соның ішінде латын әліпбиі кең тараған. Бұл күнде латын әліпбиі Еуропа, Америкада жазу жүйесіне негіз болып отыр, сонымен қатар бұл жазу ғаламторда сұранысқа ие, сондықтан компьютер клавиатурасында латын әліпбиі стандартты болып келеді. Бұл көзқарастан латын әліпбиі жазуда өте ыңғайлы.

Қазіргі кезде, балабақшадан бастап, балалар ағылшын тілін оқиды, онда латын әліпбиі, ғаламтор, компьютерлік технологиялар қолданылады. Осының барлығы осы реформаны қабылдауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы, ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Біздің егемендігіміз, біздің тәуелсіздігіміз ұлтты біріктіретін ана тілге ие болады. Бұл біздің мемлекетіміздің егемендік тәжінде ең басты ғауһар тасы».

Сонымен, латын әліпбиіне көшу бәсекеге қабілетті және еліміздің әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін тәуелсіз Қазақстанның рухани мәдениетінің дамуында маңызды тарихи кезең.